Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында белгісіз дертке байланысты ауыл карантинге жабылды

Ақтөбе облысының Хобдин ауданына қарасты Көк үй ауылы малдан шыққан қауіпті жұқпалы ауруға байланысты карантинге жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар24” арнасына сілтеме жасап.

Жергілікті мал дәрігерлері алғаш рет кездесіп отырған вирустық диареядан сиыр өлді. Тексеру нәтижесінде диагноз қойылды, бірақ аурудың себебі әлі анықталмаған.

Шектеу шаралары енгізілгеннен кейін ауылды эпизоотияға қарсы республикалық отряд мамандары тексереді деп жоспарлануда. Шаруа қожалықтарында бар барлық мал түрлерін дезинфекциялау, егу жұмыстары жүргізілмек. Бұл арада тасымалдауға, малды союға, етін тұтынуға тыйым салынады.



Қазір шенеуніктердің айтуынша, мұнда 1400 бас ірі қара, екі мыңға жуық қой бар.

“Бұл дерт алғаш рет Ақтөбе облысында тіркелді. Біз оның қайдан келгенін әлі білмейміз. Бірақ тұрғындардың сауалнамасына қарағанда, олар сырттан мал болмағанын айтады. Бұл жұқпалы ауру, сондықтан қауіпті. Оны адам және басқа да мал түрлері ауа арқылы, жем арқылы, байланысқа түсу арқылы жұқтыруы мүмкін”,- деді Ақтөбе облысының ветеринария басқармасының басшысының орынбасары Иса Базаров.

Талқылау