Ақтөбе облысында автобус аударылып, үш адам ауруханаға түсті
"Самара-Шымкент" тасжолында автобус аударылып, үш адам дәрігер көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға "Самара – Шымкент" тасжолының 916-шақырымында болды. Жолаушылар автобусы Бөгетсай ауылы маңында аударылған.
"Автобус ішінде 12 жолаушы болған. Оның үшеуі – бала. Жүргізуші жол қозғалысы ережесін сақтамай, оң жаққа қарай аударылып қалды. Анықталғандай, олар Ақтөбе қаласынан Ырғыз ауданының Калинин ауылына отбасылық мерекеге бара жатқан. Үш адам дәрігер көмегіне жүгінді. Оның екеуі жеңіл жараланса, біреуі Ақтөбе қаласы жедел жәрдем ауруханасының травматология бөліміне түсті", – деп хабарлады облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”