Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында аспаннан құлаған заттың не екендігі айтылды

Ақтөбе облысында аспаннан түскен белгісіз зат жайлы ҚР-дың Қорғаныс министрлігі сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

аспаннан құлаған

Ресми мәліметтерге сәйкес әлдібір дене құлаған жерде жарылыс болмаған.

"2020 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан мен Ресей арасындағы 1995 жылғы мемлекетаралық келісімге сәйкес ҚР аумағындағы полигонды жалға алған РФ Қорғаныс министрлігі сынақ орталығының жоспарлы оқу-жаттығулары уақытында бір зымыранның сынығы белгіленген орындардан тыс жерге құлауы орын алды. Жарылыс болған жоқ", - деп айтылған министрліктің мәлімдемесінде.

Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы зымыран сынығы құлаған аумақта зардап шеккендер мен қираулар жоқ. Бұл жағдай тұрғындар үшін қауіпті емес көрінеді.

Қазақстан Республикасының аумағында объектілерді пайдалана отырып, зымырандарды ұшыру оқу-жаттығуларды өткізудің жылдық жоспарына және кестесіне сәйкес жүргізілді.

Оқиға орнында ҚР ІІМ ТЖК қызметі жұмыс істеуде, полиция қызметкерлері зымыран сынығы құлаған ауданды оқшаулады.

Осы келісімге сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы Қазақстан-Ресей комиссиясы мән-жайды және себептерді анықтауды жүргізетін болады.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында аспаннан белгісіз зат құлағаны жайлы жазылған еді. 
 

STAN.KZ
Сенбі, 11 Қаңтар, 2020 16:05
Талқылау