Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында 257 млн теңгеге жөнделген бөгет тағы да бұзылды

Ақтөбе облысында көктемгі тасқын кезінде су шайған бөгет тағы да бұзылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скрин

Бұл бөгет бюджеттің 257 миллион теңге қаржысына былтыр ғана жөндеуден өткен. Бөгет көпірі бұл жолы жаңбыр суына шыдас бермепті. 

Алға ауданындағы "Көсем" деп аталатын бұл бөгетке Тамды өзені келіп тіреледі. Шағын су қойманың сыйымдылығы 80 мың текше метрге жуық. Көктемде тасқынның арыны қатты болып, жөнделген Көсем бөгетін екі жерден бұзып кеткен. Одан соң кепіл мерзімі бітпегендіктен, мердігер бұзылған жерді бітеп, қайта жөнеуге міндеттелді. Бірақ құрылысты созып жүріп алған. Ал осы жолы бөгетке салынған уақытша көпір жаңбырға шыдас бермей су шайып кетті. Жергілікті билік енді мердігер компаниядан өз ақшасына бар жұмысты бітіруін талап етіп отыр. Талап орындалмаса, іс сотқа жіберілмек.


"Болат Назарбаевтың қызына қатысы бар": Алматыда құны 22 млрд теңге бөгетті апатты жағдайда пайдалануға бермек болған


“Кешегі соңғы 3-4 күн жауында судан сол салынған уақытқа топырақпен салынған жолы бұзылып жатыр. Қазір енді мердігер өзі қайта қалпына келтіреді. Біздер талап қойдық. Мердігер қаражатына қайтадан қалпына келтіру бойынша бүгінде бірінші участігінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Бетонды жұмыс аяқталып қалды. Осы жұмысты әрі қарай баяу болса, сотқа береміз деп талап қойдық”, – дейді Ақтөбе облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Бекболат Нұрашев.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан су бөгеттері мен жол салу үшін Ислам даму банкінен 2 млрд доллар алатыны туралы жазған едік. 

Талқылау