Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

26 ақпан күні сағат 11:55-те Шалқар ауданының Ұлпан темір жол
станциясында 43 вагон құрамының 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті.

Оның ішінде 13 цистерна аударылып, ұзындығы 150 метр темір жол рельсі
зақымданды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Оқиға "Атырау-Алматы" бағытындағы №42 жолаушылар пойызының
кешігуіне әсер етті. Қазіргі уақытта электр энергиясын тоқтан ажырату және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған ТЖД және АПБ, Қандыағаш және Шалқар станцияларынан ққ. "ҚТЖ" АҚ, Қандыағаш және Шалқар станцияларынан, ЖАО жұмылдырылды", - дейді Талғат Уәли. 

Талқылау