Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында 20-дан астам отбасы вагонда тұруға мәжбүр

20-дан астам ақтөбелік отбасы қорқынышты жағдайда өмір сүруге мәжбүр. Адамдар темір вагонда орналасқан кішкентай бөлмелерде тұрады. Қолайлылық туралы тек армандауға болады. Электр қуаты үзіледі, құбырлар үнемі жарылып, газ плиталарын қолдануға тура келеді. Тұрғындар ескірген құрылым кез келген уақытта құлап кетуі мүмкін деп қорқады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Көпбалалы ана Әлия Елеусінова балаларымен 18 шаршы метр бөлмені паналап жүр. Асханасы да, қонақ бөлмесі, жатын бөлмесі де осы жер. Орынның жетіспеуінен әйелдің үлкен ұлы бөлек тұрады. Отбасы 7 жылдан бері осындай жағдайда тұрып келеді, үй кезегінде тұр. 

"Баллон бітіп қалған кезде, иісі қорқынышты, таусылып жатқаны бірден байқалады. Жарықсымдар бізде ілулі тұр, кезкелген уақытта соғуы мүмкін.  Біз жылу үшін төлейміз, суық су үшін төлейміз, жарық үшін төлейміз, қоқыс үшін төлейміз, бірақ осындай жағдайда өмір сүреміз", - деді Әлия Елеусінова.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, вагон 80 жылдардың соңында вахташылар үшін уақытша тұрғын үй ретінде орнатылған. Бірақ содан кейін оларды сата бастаған. Уақытша тұрғын үй жекеменшікке өткен, бірақ ғимараттың өзін тұрғындар заңдастыра алмаған.

"2011 жылдан бастап менде көптеген құжаттар жиналды, оларды әкімдікке және ТКШ-ға, барлық жерге жібердік, ТЖ-ға жүгіндік. Барлық жерде бас тартты. Заңдастыруды қалады, бұған да рұқсат бермеді. Жер актісі берілмейді, өйткені заңдастырылмаған, айтуларынша, бұл әкімдіктің жері", - деді Ақтөбе қаласының тұрғыны Наталья Қоңырбаева.

Оқиға орнына келген шенеуніктер бұл мәселені бұрыннан білетінін айтты. Үй апаттық жағдайда деп танылған кезде ғана шара қолданылады екен. Ол үшін мемлекеттік сараптаманың қорытындысы қажет. Ал бағалаушыларды тұрғындар өздері шақыруы керек.

"Үйді апатты деп тану үшін тұрғындар өздері тәуелсіз мемлекеттік сараптама жүргізуі тиіс. Содан кейін комиссиялық шешім қабылданады. Мүмкін оларға ипотека арқылы басқа тұрғын үй берілетін шығар", - деді Ақтөбе қаласы Алматы ауданының ТКШ бөлімінің басшысы Аманбек Шалабаев.

Тәуелсіз сараптама жүргізу құны шамамен - 30 мың теңге. Бірақ вагондарда тұратын адамдар мұндай шығындарды төлей алмайды. Әкімдіктегілер болса, бұл жағдайдан шығудың жалғыз жолы екенін айтады. Процедура неғұрлым тез жүргізілсе, тұрғындар соғұрлым тезірек жайлы пәтерлерге көшеді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр