Ақтөбе облысында 15 жастағы оқушы асылып қалды
Ақтөбе облысына қарасты Темір ауданы Кеңқияқ ауылында 15 жастағы оқушы асылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Темір ауданындағы Кеңқияқ ауылының тұрғыны өз үйінің ауласында 2005 жылы туған ұлының асылып тұрғанын көрген. Оқиға 15 ақпан күні орын алды.
"Оқиға орнына барған Кеңқияқ ПБ жедел-тергеу тобы тексеру жүргізіп, сот-медициналық сараптама тағайындады. Қайғылы оқиғаның себебі анықталып жатыр", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Полиция ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпаратты құпия сақтап қалды. Айта кетейік, көз жұмған бала Кеңқияқ орта мектебінде оқыған.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"