Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Мейрамбек Шермағанбет Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин аппарат отырысында облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі жаңа орынбасарын таныстырды.

ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен , өңір басшысының бұйрығымен облыс әкімінің орынбасары болып Мейрамбек  Шермағанбет тағайындалды.

48 жастағы лауазым иесі  Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын,  Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті,  Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеттерінің түлегі.

Еңбек жолын 1994 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Кеңес ауылындағы орта мектепте  мұғалім болып бастаған. Кейін аталған  орта мектептте  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін  атқарды. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің басшысы,  аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымдарында қызмет жасаған.

Әр түрлі жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары,  Қызылорда облысының білім департаментінің директоры,  Қызылорда облысының білім басқармасы, тілдерді дамыту басқармаларының  басшысы қызметтерін атқарды.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қызылорда облысы бойынша Білім саласын бақылау департаментінің директоры болып қызмет атқарған.

2015-2016 жылдары аралығында "Ақтөбе облысы әкімінің іс басқармасы" мекемесінің басшысы лауазымында қызмет жасады.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін, 2016 жылдан бастап Ақтөбе облысы Қобда ауданының  әкімі болып қызмет етті.

Аймақ басшысы Марат Тоқжановқа  өңір дамуына қосқан елеулі жұмыстары мен әлеуметтік салаға сіңірген еңбегі үшін алғыс білдіріп, жаңа орынбасарына алдағы  бірқатар міндеттерді атап көрсетті.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы 15 адам тiркелдi: Қазақстанда 584 адам коронавирус жұқтырды

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 15 жағдай тіркелді

"Демалыс кезінде үйінде болған": Семейда 14 жастағы жасөспірімнен коронавирус анықталды

Науқас - 2006 жылы туған, Семей қаласының тұрғыны

Өскеменде кәсіпкерлер әкімдікке баса көктеп кірмекші болды

Олар рұқсаттама ала алмағандарына ызаланды

Алматыда жезөкшелердің қызметін ұсынған монша анықталды

Саунаны криминалдық полиция тапқан

Қазақстанда алғаш рет жүргізуші мас күйінде ЖКО себепкері болғаны үшін 4 жыл түрмеге қамалды

887 мың қазақстандық 42 500 теңге жәрдемақы алуға өтініш берген

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев мәлімдеді

"Подъездің есігін құлыптап, тек саңылау қалдырған": Ақтау әкімдігі желіде тараған суретке түсініктеме берді

Әкімдік: "Әлеуметтік желілерде және түрлі басылымдарда бір суретке негізделген жалған ақпарат тарап жатыр"

"Көмек емес, пайдакүнемдік": Қазақстандықтар несие мерзімін кейінге шегеру шарттарына наразы

Заң форс-мажор болса да, сыйақыны есептеуді тоқтатуға мүмкіндік бермейді

Бұрынғы күйеуі бетін пышақпен тіліп тастаған: Ақтөбелік әйел халықтан көмек сұрады

Олардың ажырасқанына екі жыл болған

Ақтөбеде, Қызылордада және Шымкентте болған: Қазақстандық жүк көлігінің жүргізушісі коронавирустан көз жұмды

Ол сапарда баласымен бірге болған
Çàãðóçêà...