Ақтөбе қаласының жаңа әкімі тағайындалды
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың өкімімен президент әкімшілігімен және Ақтөбе қаласының мәслихатымен келісім бойынша Бекет Азамат Бауыржанұлы Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Азамат Бекет – Қазақ гуманитарлық-заң университетінің және экономика және құқық академиясының түлегі.
2016-2018 жылдары Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.
2018-2020 жылдары Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі болып жұмыс істеді.
2020 жылдан 2021 жылға дейін Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2021 жылдың ақпан айынан бастап Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі қызметін атқарды.
2023 жылы 26 маусымнан бастап Ақтөбе қаласының әкімі қызметін атқарады.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Тапқан ақшаның 50%-ын мен алсам, қалған жартысын өзі алады және бізді қорғайтын адамдарға береді"
