Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе қаласының тұрғыны Solva-дан "Лайт бойынша авто" акциясының жеңімпазы атанды

Solva бренді атынан жұмыс істейтін "ОнлайнКазФинанс" МҚҰ" АҚ 1 шілдеде "Лайт бойынша авто" акциясының қорытынды ұтыс ойынын тікелей эфирде өткізіп, бас жүлде – Cherry Tiggo 2-ні ойнатты. 

Акцияға 2024 жылдың 1 наурызынан 30 маусымына дейінгі аралықта Лайт картасын алғаш рет рәсімдегендермен қатар, қайта рәсімдеген клиенттер және микрокредит бойынша қосымша сомасы мақұлданған Лайт картасының иелері қатысты. Барлық қатысушыға қойылған басты талап – микрокредитті сақтандыруды рәсімдеу болды. 

Әр екі апта сайын Solva-ның @solva_app ресми инстаграм-аккаунтында тікелей эфирде компания 50 000 теңгеден 10 жүлде ойнатып, соңында бас жүлде – Cherry Tiggo 2 автокөлігін ұтысқа салды. 

Ақшалай жүлдеге ие болған жеңімпаздар арасында Лайт картасын "Қазпошта" агенттік желісі арқылы ашқандар көп болған.  

Акцияға барлығы 20 мыңға жуық Solva клиенті қатысып, олардың 90-ы 50 мың теңгеден ақшалай сыйлыққа ие болды. 
Автокөлік бас жүлдесін Ақтөбе қаласының тұрғыны  Гүлнар Елеуова жеңіп алды. Бағы жанған жеңімпазды Solva компаниясы Алматыдағы бас кеңсеге шақырып, оның жолын, жататын орны мен басқа да шығындарын көтерді. Акция шарты бойынша бас жүлде иесі автокөлікті немесе оның ақшалай эквивалентін таңдап алуға құқылы.   

"Мен Ақтөбе облысында дүниеге келдім, Ақтөбе қаласында тұрамын. 37 жылдан астам мәдениет саласында еңбек еттім. Қазіргі уақытта музыкалық колледжде сабақ беремін. Бұдан шамамен бір жыл бұрын туыстарымнан Solva компаниясы жайында естідім. Түрлі пікірлерді оқып шыққаннан кейін, қаржы алуға жүгіндім. Соңғы рет жөндеу жұмыстарының шығынын өтеу үшін Лайт картасын онлайн рәсімдедім. Алайда сол кезде автокөлік ұтып аламын деп ойламадым. Маған тікелей эфир барысында хабарласқанда, үйдегі бақшамда жұмыс жасап жатыр едім.Бірден сенбегендіктен, балама айттым. Бұдан кейін Solva-ның Instagram-ында танымал актрисаның тікелей эфир жүргізіп жатқанын көрдік. Сол кезде ғана болып жатқан жағдайды түсіндік", - дейді жеңімпаз.

Гүлнар Елеуованың Лайт картасын санаулы минутта ашып, бірнеше сағатта қаражат алғанын ерекше атап кеткен жөн.

"Біз үш ай бойы өткен "Лайт бойынша авто" атты акциямыздың жеңімпазымен танысқанымызға қуаныштымыз. Осы уақыт аралығында акция шарттарын орындаған ондаған клиентіміз ақшалай ынталандыру жүлделерге ие болды. Біз үшін Лайт картасы флагмандық дара қаржы өнімі болып табылады. Ол ыңғайлылығымен, жеңілдігімен әрі жылдамдығымен ерекшеленеді. Оның нақты дәлелі – Гүлнар, ол картаны еш қиындықсыз онлайн рәсімдеп, қажеттіліктеріне ақша алды. Компаниямыз өз сервистерін үнемі дамытып, клиенттеріне ыңғайлы, инновациялық өнімдерді ұсынуға тырысады. Жаңалықтарымызды үнемі қадағалаңыз, алда әлі талай акциялар мен ұтыс ойындары болады", - деп атап өтті "ОнлайнКазФинанс" МҚҰ" АҚ бас директоры Аида Имашева.

 

Талқылау