Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе қаласының көшелерін су басты (видео)

Ақтөбе қаласында қар аралас жаңбыр жауып, көшелерді су басты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Ақтөбе қаласында қар аралас жаңбыр жауып, көшелерді су басты. Қазіргі кезде қаланың көшелерінде қозғалыс қиындаған. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жолын да су басып қалды.

"Ақпан айының 6-нан 7-не қараған түні қалада нөсер жаңбыр жауды. Арты қарға ұласты. Су сору жұмыстарына 89 ассенизатор жұмылдырылды. Оның 39-ы сұраныс бойынша жұмыс істейді. Ал 50 көлік қала көшелеріндегі суды сорып жатыр. Кей жерлерде үлгермедік. Себебі қар тез еріп, судың жиналуы үдеді. Сонымен бірге мобильді топ жұмыс істеп жатыр. Мотопомпалар арқылы су жолдан адам жүрмейтін жерге төгіледі. Мұндай барлығы 8 техника бар", - деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Серік Дәулетов.

Оның сөзінше, Қазгидрометтің облыстық филиалы су басу қаупі туралы хабарлама бермеген.

Айта кетейік, қазіргі кезде 190 мың текше метр қар шығарылды. 

 

Талқылау