Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе қаласының Қызылжар тұрғын алабына жоғары жылдамдықты интернет тартылды

Ақтөбе қаласы әкімдігі мен "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында "CompasTeleCom"ЖШС арасында келісім шарт жасалынды. Ол цифрлық теңсіздік жоюды мақсат етеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Осыған орай қазіргі таңда Қызылжар -2 тұрғындар массивінде “CompasTeleCom” компаниясы жоғары жылдамдықты Интернет желісін монтаждау жұмыстарын аяқтады.

Жоба жеке инвестиция арқылы қаржыландырылды.

Жобаның максималды өткізу мүмкіндігі - 1200 тұрғын үй. Интернет жылдамдығы 100 Мбит/с - 500 Мбит/сек жылдамдыққа дейін.


Технолгия түрі- GPON, яғни оптикалық талшықты кабель арқылы интернет тартылды.

Интернет желісін іске қосу салтанатында Қызылжар елді мекенінің аз қамтылған 3 отбасына тегін Интернет қондыруға және 2022-2023 оқу жылында Интернетті тегін пайдалануға мүмкіндігін беретін сертификаттар табысталды. Жобаның бір ерекшелігі, Ақтөбе қаласы бойынша бірінші рет Электр Бағаналарына байланыс кабельдерін ілуге рұқсат берілді және жүзеге асырылды. Алдағы уақытта бұл жұмыстар Қызылжар-3, Жаңақоныс-2-3 және Бауырластар 2-3 тұрғын массивтерінді жалғастырылатын болады.
 

Талқылау