Ақтөбе қаласында жастар мен ірі кәсіпорын өкілдері кездесті
Ақтөбе қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы жас ұрпаққа кәсіптік бағдар беру мақсатында қала бойынша ірі кәсіпорындар мен ұйымдар Ақтөбе ферроқорытпа зауыты – «Казхром ТҰК» АҚ филиалы, «Нектар» өндірістік кооперативі, «Достық» су түрлерінен ОБЖСМ, «Актобе Фудс» ЖШС кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында жасөспірімдер қауіпсіздік шаралары мен өндірістер мен кәсіпорындардың тарихымен танысып, өндірілетін өнімдер жайында кең мағлұмат алды. Сондай-ақ, кәсіпорында еңбек ететін аға-апаларымен әңгімелесіп, олардың қызметтерінің қыр-сырымен танысты.
2022 жылдан бастап енгізілген «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жж арналған Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мақсатында көптеген бағыттар қарастырылған.
Жастарды жұмысқа ынталандыру, бос уақыттарын тиімді пайдалану, өздері тапқан қаражаттарының ыстық болатынын және «Балалар жылы» болғандықтан, биылғы жылы қаланың абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарына қоғамдық жұмысқа бағытталатын жоғары сынып оқушылары мен студенттерінің қаражатын ұлғайту Халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша комиссия отырысында талқыланып, 65 мың теңгеден 90 мың теңгеге дейін ұлғайту шешімі қабылданып, бекітілді.
2021 жылы қоғамдық жұмысқа 554 оқушылар мен студенттер бағытталса, 2022 жылы 487 оқушылар мен студенттер бағытталды.
Жастардың оқу бітіре сала жұмыс іздейтіні белгілі. Алайда тәжірибесі жоқ, әлі еңбек нарығын көрмеген жасқа жұмыс жылдам табыла қоймайды. Бұл тығырақтан шығудың бір жолы бар. Жастарға ұсынылып отырған мемлекеттік көмектердің бірі – Жастар практикасы, Ұрпақтар келісімшарты, Алғашқы жұмыс орны.
Жастар практикасына оқуды енді бітірген, мамандығы бойынша тәжірибесі жоқ, 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Тек оқу бітіргеніне 3 жылдан аспаса болғаны.
Алғашқы жұмыс орны – 29 жасқа дейінгі, оның ішінде жұмыс тәжірибесі жоқ жастарға арналған жұмыс орны. Жұмыс ұзақтығы 18 айдан аспайды. Келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін, тұрақты жұмысқа орналастырылады.
Халықты жұмыспен қамту орталығы түлектерді алған мамандықтары бойынша жұмысқа бейімдеу мақсатында 16 колледж бен 3 университетте түлектермен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жастарды қолдау мақсатында жастар практикасы, алғашқы жұмыс орындары және ұрпақтар келісім-шарттарына бағыттау мерзімі ұзартылып, жалақылары ұлғайтылды.
“Жастарға ұсынылып отырған мемлекеттік көмектердің бірі – Жастар тағылымдамасы. Қазіргі таңда, мекемелерден, кәсіпорындардан келіп түскен өтінімдер бойынша Орталыққа келіп жолыққан жастарға мамандықтарына сәйкес жолдамалар беріліп, аталған бағдарламаға бағытталып жатыр”, – дейді Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Ж.Айдаубаева.