Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе қаласында құны 53,5 млрд теңгеге кәріз тазарту қондырғысы салынады

Ақтөбе қаласында жаңа кәріз тазарту қондырғысын салуға Еуропа қайта құру және даму банкінен қаражат тартылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақтөбе облысы әкімдігінің хабарлауынша, мемлекет басшысы жуырда Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында экология саласындағы өзекті мәселелерді шешу бағытында бірқатар тапсырма берген. Сол себепті бұл мәселені шешу мақсатында жол картасы әзірленген. Оны дайындауға азаматтық қоғам өкілдері, тәуелсіз сарапшылар мен уәкілетті мемлекеттік органдар тартылды. Құжат өзекті экологиялық мәселелерді қамтиды. Бұл бағыт бойынша алдағы үш жылда тиімді шаралар қабылданатын боады. 

“Ақтөбе қаласындағы кәріз тазарту жүйесі 80 пайыз тозған. Облыс орталығында жаңадан тазарту қондырғылары салынады. Жалпы құны 53,5 миллиард теңге болатын жобаны Еуропа қайта құру және даму банкі қаржыландырады. Бүгінде жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары келесі жылы басталады деген жоспар бар", - дейді облыс әкімдігінен. 

Талқылау