Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ақтөбе” футбол командасы жарты миллиардқа жуық қарызға батқан

Облыстық футбол ассоцияцисының есеп беру конференциясында «Ақтөбенің» қарызы жарты миллиард теңгені құрайтыны анық болды. Бұл қараша мен желтоқсан айларының жалақысы екен.

img.phpimg.php

Бұл туралы Stan.kz Диапазон-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ойыншылармен агенттер алдында қарыздарың жайлы айта аласыз ба? Қай уақыттарда қарыз болдыңыздар деп клуб президентіне Сағат Еңсегенұлы: "- Агенттер алдында ешқандай қарызымыз жоқ. Бәрі қарашаға дейін болған жағдай. Тек қараша мен желтоқсан айының жалақысын төлеу керек», - деді.

Облыс әкімі екі айға жарты миллард теңге кете ме деп таңданысын жасырмады.

«Осы іске қатысы бар адамдар клуб президентімен бірге шешсін. Бізде мұндай ақша жоқ. Келісімге кім қол қойды, Ақтөбе облысы футбол ассоцияциясының төрағасы ма әлде жоғарғы басшысы ма, сол адам бар жауапкершілікті мойнына алып, осы мәселені шешіп берсін. Біз ешкімнің алдында жауапты емеспіз. Біз бұл туралы Қазақстанның футбол Федерациясына мәлімдедік»,- деді Бердікбек Сапарбаев.

Сондай-ақ, облыс басшысы ешқандай қиындықтарға қарамастан «Ақтөбе» командасы қолдаусыз қалмайтынын ескертті.

«Тағы да қайталап айтамын, Ақтөбеде футбол бұдан кейін де өтетін болады. Қандай қиындықтар болмасын, біз команданы қолдай отырып оның дамуына күш салатын боламыз», - деді облыс басшысы сенбі күні.

Талқылау