AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Toyota қазақстандық зауытқа әлемдегі орташа көрсеткіштен жоғары баға берді: Отандық кәсіпорын жапониялық сарапшыға несімен ұнады

Әлемдегі ең үздік Toyota Production System өндіріс жүйесінің білікті мамандары елімізде алғаш рет отандық кәсіпорынға талдау жүргізді. Тацуми Кимура бастаған шетелдік сарапшылар ERG құрамына кіретін Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жұмысына жоғары баға беріп, өндіріс орнында өзіне ұнаған тұстарды атап өтті. 

“Toyota Production System” аудитінің қорытындысына сәйкес Ақтөбе ферроқорытпа зауыты 2,11 деген бағаға ие болды. Бұл тұрғыда Тацуми Кимура өндірісті небәрі екі жыл бұрын бастаған кәсіпорын үшін бұл баға өте жоғары екенін тілге тиек етті. 

“Талдау жүргізген уақытта зауыт қызметкерлерінің жаңашылдыққа, бірыңғай өндіріс жүйесін енгізуге және өндірісі тиімділігін арттыруға дайын екеніне көз жеткіздім. Егер жұмыскерлердің көзінде оты болса, кәсіпорын міндетті түрде табысқа жетеді. Екі жыл ішінде мұнда ауыз толтырып айта алатындай жұмыстар атқарылған. Сондықтан да Ақтөбе ферроқорытпа зауытына 2,11 деген баға берілді. Шыны керек, тіпті әлемде де мұндай рейтингке ие болған кәсіпорындар кемде кем”, – деді сарапшы. 

Кәсіпорындарды бағалау 12 критерий бойынша жүзеге асырылды. Осы орайда жұмыс орнын ұйымдастыру, еңбекті қорғау, жұмыскерлердің кайдзен-топтарына қосылуы, жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, инженерлер мен операторлардың өзара әрекеті және т.б. ескерілді. Бес күнге созылған талдау барысында Тацуми Кимур зауыт цехтарын аралап, кәсіпорынның әртүрлі саласының қызметкерімен тілдесіп, ақпараттық тақталар мен жабдықтарды мұқият зерттеді. Сонымен қатар цехтарды аралаған ол соң жұмыскерлермен кері байланыс орнатып, жетілдіруді қажет ететін тұстарды көрсетті. 

“Ең бірінші кезекте кәсіпорынның қарапайым жұмысшысынан бастап, бірінші басшысының ынта-жігерін атап өткім келеді. Аудит барысында бұл энергетиканы кәсіпорын қабырғасында жүрген әр күнімде сезіне алдым. Мен көп уақыт бойы өндіріс ошағында жүрдім. Осы тұста жұмысшылардың техника қауіпсіздігіне жіті мән беретінін аңғардым. Өз кезегінде олар қауіп-қатер жоғары жерде жұмыс істейтіндіктен ережелерді сақтау аса маңызды екенін түсінеді. Өндіріс жүйесін енгізу компанияның толағай табысқа жетуіне ықпал етіп, қызметкерлерге өз қызметін қауіпсіз әрі тиімді түрде жүргізуіне зор мүмкіндік сыйлайды. Бастысы, кәсіпорын жеткен жетістіктерімен шектеліп қалмайтынына зор сенім білдіремін”, – дейді Тацуми Кимура.

Бір айта кетерлігі, дамыған Жапония мемлекетінде болат құюшы кәсіпорындары өндірістік жүйені бағалау нәтижесінде орта есеппен 1,8 бен 2 межесінде ұпай жинайды екен. Тіпті танымал Toyota автозауыттарының өздері де 4 пен 5-тен жоғары бағаға ие болмаған. 

Мұндай талдаудың қандай маңызы бар? 

Global Benchmarking (GBM) – дүние жүзіндегі басқа компаниялар мен бәсекелестермен салыстырғанда кәсіпорынның деңгейін түсінуге мүмкіндік беретін талдау. Бірнеше жыл бұрын бұл құрал әлемдегі ең тиімді өндіріс жүйелерінің бірі - Toyota Production System-нің негізі болды. Бұл жүйе жапониялық Toyota компаниясына өнімділікті арттыруға және бәсекелестерінен асып түсуге көмектесті. 

“Қазақстанның жылдық жалпы ішкі өнімінің 2 пайызы ERG-ге тиесілі. Бұл ел бюджеті мен өңірлеріміздің әлеуметтік тұрақтылығы біздің кәсіпорынның жұмыс тиімділігіне  байланысты деген сөз. Әлемде дағдарыс белең алып тұрған тұста біз тек жұмыс істеп қана қоймай, бизнестің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру туралы әрдайым ойлап жүруіміз қажет. Біз үшін аудит жаңа білім тәріздес болды: бұл тұрғыда сарапшы басқаларымен салыстырғанда қай деңгейде екенімізді түсінуге көмектеседі”, – дейді Еуразиялық топтың басқарма төрағасы Серік Шахажанов.

“Қазхром” ТҰК” АҚ президенті Арман Есенжолов сарапшының бұл бағасына қарамастан босаңсуға болмайтынын жеткізді. 

“Ақтөбе ферроқорытпа зауытының өндірістік жүйесіне берілетін бағаны тағатсыздана күттік деуге болады. Бұл баға кемшіліктерді түзеп, зауыттың әрі қарай өркендеуіне мүмкіндік береді. Бәсекелестік белең алып тұрған шақта мұнымен шектеліп қалуға болмайды”, – дейді ол. 

Өндіріс жайлы өз ойын Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жұмысшылары да айтты. 

“Мен үшін өндіріс жүйесі пайдалы әрі тиімді құрал. Бірақ алғашында жаңа дүниені қабылдау қиын болғанын жасырмаймын. Алайда бұған бірте-бірте етіміз үйреніп, маңыздылығын жете ұғындық. Өз басым шеберханада бірқатар жұмысты жүзеге асырдым, атап айтсақ, құжаттама мен материалдар бойынша артық нәрселерден бас тарттым. Бір сөзбен айтқанда, цех жұмысына жаңаша көзқараспен қарай алдым”, –дейді №1 балқыту цехының мастер-технологы Қайрат Қалымбетов. 

“Өндіріс жүйесінің жақсы тұстары жетерлік, бастысы, басшылық тарапынан бұл жоба туралы ақпарат түсінікті жеткізілуі қажет. Қазірдің өзінде көптеген пайдалы құралдарды енгізе алдық. Солардың бірі – жұмыс уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін стандарттау жүйесі. Өндірістік жүйе жұмыс процестерін жақсарту бойынша идеяларды ұсынуға және оларды кайзен топтарымен жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне көңілім толады. Мәселен, өзім ұсынған бес идеямның үшеуін бүгінде іске асырып үлгердік”, – дейді электр станциясын жөндеу жөніндегі слесарь Павел Жирнов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр