Ақтөбе автобусында екі ер адам бір-бірін аяусыз ұрды (видео)
Ақтөбедегі қоғамдық көліктердің бірінде болған екі ер адамның төбелесін жолаушылар видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіде жария еткен.
Оқиға Ақтөбедегі №20 автобуста болыпты. Бейнежазбада көрініп тұрғандай, әлденеге келісе алмаған екі ер адам бір-бірін аяусыз ұрған. Алайда екеуіне көлік салонындағы жолаушылардың ешқайсысы араша түспепті.
Әйелдердің жасап жатқан ескертпесіне қарағанда, екі жігіттің төбелесі тым ұзаққа созылған сияқты.
Талқылау