Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе әуежайы екі жаңа бағытты іске қосуды жоспарлап отыр

Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы Ақтөбеден Орал мен Ташкентке ұшатын жаңа бағыттарды іске қосуды жоспарлап отыр. Оралға рейстерді отандық Qazaq Air әуекомпаниясы орындайды, Ташкентке Uzbekistan Airways ұшатын болады.

«Ақтөбеден енді Оралға ұшуға болатынын қуана хабарлаймыз. Орал тарихи маңызы бар қала, мұнда ұлы оқиғалар басталды, қалаға ең маңызды тұлғалар келді. Қала кішкентай, бірақ қызықты және пайдалы уақытты өткізу үшін баратын орындар жеткілікті. Ақтөбеден Орал қаласына 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап сейсенбі және сенбі күндері ұшуға болады», - деп хабарлады «Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Дастан Мәлиев.

Ташкентке рейстерді 1 қарашадан бастап орындау жоспарлануда. Қазір Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен келіссөздер жүргізілуде.

«2022 жылдың 1 қарашасынан бастап, яғни сейсенбіде біздің тұрғындарымыз Өзбекстан астанасына баруға мүмкіндік алады. Қазір келіссөздер жүріп жатыр, жақын арада көрініс айқын болады. Ташкент - 2000 жылдан астам тарихы бар Өзбекстанның бас қаласы. Бұл Орта Азиядағы ең үлкен және Ұлы Жібек Жолында орналасқан ең көне орындардың бірі», - деп толықтырды Мәлиев.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе әуежайы бүгінде 12 бағытта жолаушылар рейстеріне, 5 әуекомпанияға қызмет көрсетеді. Жыл соңына дейін бағыттар саны 14 бағытқа дейін артады.

«2022 жылы Анталияға аптасына 6 рет, Мәскеуге аптасына 4 рейске дейін рейстер саны артты. Шілдеде Бакуге тұрақты рейстер ашылды. 19 қазаннан бастап Пхукет аралына, Таиландқа, 24 қазаннан бастап Дубайға, БАӘ - ге рейстер ашылады», - деп түйіндеді «Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Дастан Мәлиев. 

Талқылау