Ақтөбе-Атырау пойызының 51 жастағы жолсерігін жас жігіт соққыға жықты
Атырау облысының тұрғыны Ақтөбе-Атырау пойызының жолсерігін соққыға жықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау станциясындағы полиция бөлімшесіне 51 жастағы жолсеріктен шағым түскен.
"Ер адам қызметін орындау кезінде соққыға жығылғанын айтты. Мүкір станциясында белгісіз адам оған дауыс көтеріп, ескертуден кейін жұдырық жұмсаған", – делінген хабарламада.
Полиция 24 жастағы Атырау тұрғынын ұстады.
Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 1-бабы 293-бөлімі (Бұзақылық) бойынша іс қозғалды.
Бұл бап бойынша ол 2000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу немесе 600 сағат түзеу жұмыстарын атқару немесе екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылады.
Жанжалдың шығу себебі айтылмаған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”