Ақтөбе «Алматы» және «Астана» деп бөлінді: Депутаттар жаңа атауларды мақұлдады
Ақтөбеге неліктен Астана және Алматы деген атаулар берілгенін мәслихатта түсіндірді. «Биылғы жылы Астана өзінің 20 жылдығын атап өтеді, ал Ақтөбеде тарихи маңызы бар есімдер табылмады» деп жауап берді мәслихаттағылар. Бұл және басқа дәлелдер Ақтөбенің жаңа аудандарын «Алматы» және «Астана» деп атауға түрткі болды.
Бұл туралы Диапазон хабарлады, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі.
Тұрғындар жаңа аудандардың «Астана» және «Алматы» деп аталуын қаламады, бірақ оларға билік басындағылар неліктен осылай атау ұсынылғанын түсіндірді. Биліктегілер Ақтөбені екі ауданға бөлу туралы шешім қабылдады. Депутаттар, ардагерлер, ғалымдар кіретін жұмыс тобы жаңа аудандарды «Астана» және «Алматы» деп атауды қолдады. 6 сәуірдегі мәслихат сессиясында таңдалған атаулардың қабылдануы талап етілді.
«Тұрғындардың көпшілігі «Астана» мен «Алматы» деген атауларды құптады. Сондықтан, құрметті депутаттар, біз сіздерге осы атауларды қабылдауларыңызды сұраймыз», – деді Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Құлпаршын Айдарханова депутаттарға.
Содан кейін Ақтөбе аудандарының тағдыры ресми түрде тәуелді болған депутаттар сөз сөйледі.
«Алматы – еліміздің мәдени және қаржылық орталығы. Ал Астана – әлемнің көптеген астаналарымен бәсекелесетін қарқынды дамып келе жатқан мемлекет орталығы. Сондықтан қала және облыс көшбасшыларының қаншалықты күш жұмсағанын ескере отырып, жаңа ауданның атауларын қолдауды сұраймын », – деді депутат Алмагүл Бекенова.
Сонымен қатар, депутаттар мен шенеуніктердің бұл пікірін ақсақалдар алқасы да қолдап отыр.
«Астана – біздің астанамыз, Алматы – мемлекеттің мәдени орталығы. Кеше тыңдаулар болды. Халық та жаңа ауданның «Астана» мен «Алматы» деп аталуына қолдау көрсетті. Біз алғаш болып қаламыздың аудандарына екі астананың атын береміз », – деді қоғамдық кеңес жетекшісі Құдайберген Бекенов.
Ақсақал бастапқыда көптеген адамдар «Астана-Алматы» деген атауларды қолдамағанын мойындады. Бірақ түсіндіру жұмыстарынан кейін екі астананың атауын Ақтөбеге беру дұрыс деп есептеген.
«Ұлы ақын Абай «көпте ақыл жоқ, оны басқар» деген. Адамдар талқылауға құқылы, біз зайырлы демократиялық мемлекетте тұрамыз. Бірақ бізде бұл атауларды қайта қоюға болмайды деген заң бар. Сондықтан ең қолайлысы Алматы және Астана деген атау беру», – дейді профессор Алтай Тайжанов.
Оқи отырыңыз:
ОҚО-да 5 жасар бүлдіршінді ұлттық бюро қызметкері судан аман алып қалды
Атыраулық балықшылар салмағы 100 келі болатын бекірені ауға түсірді
Танымал дәстүрлі әнші Аяз Бетбаев дүниеден озды
Қырғыз автобусына шабуыл жасау оқиғасы: Оқ тиген адам Ресей азаматы болып шықты