Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе-Ақтау бағытымен келе жатқан жолаушы әйел пойызда босанып қалды

4 маусымда Ақтөбе-Ақтау бағытымыен келе жатқан жүкті әйел босанып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап. 

балаСурет: lada.kz сайтынан

Портал мәліметінше, келіншек жүктілігінің 8-ші айында болған. Ол Ақтөбедегі төркіндеріне барып, Ақтауға қайтып келе жатқан. 

"4 маусым күні таңғы сағат 5-те маған жолсеріктер келіп, жетінші вагондағы әйелдің толғағы басталғанын айтты. Әріптестеріммен бірге басқа жолаушылардан пойызда дәрігер бар ма деп сұрастыра бастадық. Бесінші вагоннан ақтөбелік акушер дәрігер Светлана Нүрпейісова табылды. Босанып жатқан әйел қызметтік купеге ауыстырылып, оған көмек көрсетіле бастады. Сағат 11:10-да ол дүниеге ұл бала әкелді. Барлық стансаларда жас анаға жедел жәрдем дәрігерлері медициналық көмек көрсетті. Бойжеткен стансалардың бірінде қалғысы келмеді", - дейді Ақтөбе-Ақтау пойызының бастығы Ботагөз Қиданова.

Айтуынша, ол бұған дейін бірнеше рет әйелді босандыруға көмектескен.

Қазіргі таңда анасы мен баласының жағдайы жақсы. Нәрестеге Дінмұхамед есімі берілген. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр