Ақтөбе әкімі жиналыс кезінде тағы да ұйықтап қалды
2016 жылы шенеуніктер дағдарыс, коррупциямен ғана емес ұйқымен де күрескен сияқты. Оған Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Оспанов дәлел.
Бұл туралы “Диапазон” хабарлайды.
Ілияс Оспанов әкімдік қызметін өте белсенді бастаған. Камера алдына келіп зілтемір көтерген ол, өңірде ауыр атлетиканың болашағы жарқын дегенді аңғартқан. Сондай-ақ, Ақтөбе қаласын жақсы көруге де шақырған.
Ал жуырда әлеуметтік желіде оның жиналыстардың бірінде отырып, көзі ілініп кетіп, ұйқымен әбден күрескен сәті жария болған. Ол кезде әкімнің атына сын жаудырғандар да жеткілікті болған. Бірқатары шенеунікті жақтап, шаршап жүрген шығар деп те пікір білдірген. Осыдан соң әкімнің өзі де сергек жүруге тиіс еді.
Алайда жақында мәслихат сессиясында да әкім ұйқының арбауына түсіп қала жаздаған. Бірақ, бұл жолы ұйқысын тез ашып алды.
Жиын кезінде ұйқыға бас қойғандардың арасында қала әкімінің орынбасары Жандос Байырханов та бар.
Ал бұл – облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.
Оқи отырыңыз:
Депутаттар «Нұрлы жер» бағдарламасында бір қауіптің барын айтты
Мәслихат депутатын соққыға жыққан Мұхтар Тінікеев ауруханаға түсті
Министр 16 желтоқсандағы әлеуметтік желілердің істен шығуына қатысты пікір білдірді
Нұрсұлтан Назарбаев Астананың құрылысы үшін түн ортасында 50 млн доллар іздеген