Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актердің Қазақстандағы сапары: Марк Дакаскос желіге секіріп тұрған суреттерін жариялады

Әйгілі актер Марк Дакаскос желіге Қазақстанда демалып жүрген суреттерін жариялады.

«Мен Қазақстанда бірнеше рет болдым. Бұл елді, халқын керемет жақсы көрем. Бірақ Өскеменге алғаш рет келуім. Сондықтан маған секіру керек болды», – дейді актер.

Ол сурет астына мәдениет, достық, тарих, мейірімділік сөздерін хэштег ретіне жазған.

«Әр есік бір ғана жомарт, бейбіт ел Қазақстанға жол ашады. Өскемен», – деп жазды ол келесі суретінің анықтамасында.

Марк Дакаскос шаңғы тепкен суретін де жариялады.

«Мен тағы да Алматы деп аталатын ертегі әлемінде жүрмін. Қарды жақсы көрем», – деп жазады актер желіде.

Марк Дакаскос  «Драйв», «Алматылық самурай», «Ең мықтылар», т.б. фильмдеріне түскен. Өзі кинорежиссер, жауынгерлік өнер шебері.

Айта кетейік, осы аптада Кэри Тагава, Майкл Мэдсен, Бай Лин, Марк Дакаскос пен Эрик Робертс әкім Даниал Ахметовтің шақыртуымен Шығыс Қазақстанға келген еді. Олар Шығыс Қазақстан жайлы фильмге түспек.

Тағы да оқыңыз:

Өскеменге келген Голливуд жұлдыздары мешітке барып, жұртпен бірге дұға оқыды

Сиви Махмуди ғашықтар күнінде сексуалды халатын киіп күйеуін күтіп алды (фото)

Өзі жайлы ақпараттан шаршаған Төреғали журналистерге арнап бейнебаян түсірді (видео)

Вице-министр кімдерге жер берілмейтінін айтты

Талқылау