Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Актер Шыңғыс Қапин қыз зорлады деген айып тағылған ағасын ақтады

Фото: Шыңғыс Қапиннің Instagram желісі мен видекамера түсірілімдерінен скрин

Актер Шыңғыс Қапин ағасы Темірланның қыз зорлады деген айыппен түрмеде отырғанын хабарлады. Айтуынша, оның ағасы жалған айыптаудың құрбаны болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға 2024 жылдың қазан айында болған. Алматы тұрғыны полицияға хабарласып, өзін зорлағанын айтты. Атқыштар полигонында жаттығудан кейін Темірлан оны пәтерге апаруға көндірген. Қыздың айтунша, ол кейін есікті құлыптап, телефонды алып, күш қолданып, зорлаған.

Темірланның отбасының айтуынша, болған оқиғадан кейін қыз оның бұрынғы сүйіктісінен көмек сұраған. Тергеу алты айға созылды. Олардың айтуынша, қылмыс құрамы мен дәлелдемелердің болмауына байланысты оны тоқтатпақ болған.

Алайда әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары шулағаннан кейін Темірланды ұстаған.

"Ол қыз әлеуметтік желілерде эмоциялық оқиғаны жариялап, сұхбат бергеннен кейін ғана қамауға алынды. Ал онда құр сөздерден басқа ешқандай факт болған жоқ. Сараптама зорлық-зомбылықты растаған жоқ", – дейді Шыңғыс Қапин.


  • "Жыныс мүшесін шығарып, қозғай бастады": Калифорниядағы қазақ студенттері педофилді ұстап алды


Жігіттің туыстары бұл істі көпшілікке жария етуге шешім қабылдады. Олардың айтуынша, қыздың өзі Темірланның бұрынғы қызымен алдын-ала байланысып, таныстықты бастаған.

"Пәтерде қыз оған “менің қандай сыйлық екенімді түсіндің бе?” деген. Темірлан жақындасудан бас тартқан. Ал қыз оған кейін мықты адамдардың келетінін айтып қорқытқан. Екеуі біраз дауласқан. Дау шешілгендей болған кезде, бойжеткен таза ауаға тыныстап келемін деп шығып, кейін күтпеген жерден кетіп қалған", – дейді туыстары.

STAN.KZ
Сейсенбі, 13 Мамыр, 2025 17:48
Талқылау