Актер, Қазақ КСР халық әртісі Асанәлі Әшімов дүниеден өтті

Кино және театр актері, режиссер, Қазақ КСР халық әртісі Асанәлі Әшімов өмірден өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Актердің қазасы жайлы журналист, Ғ.Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясы директоры Бауыржан Халиолла Facebook-парақшасында жазды.
“Ұлы жүрек тоқтады. Ғасыр адамы – Аасанәлі ағаның соңғы сағаты соғыпты...” – деп жазды ол.
Асанәлі Әшімұлы Әшімов (1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада туған) – кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСР халық артисі (1976), КСРО халық артисі (1980). Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974).
Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі. Қазақстанның Еңбек Ері (2017).
"Сағи ұлынан қалған қыз": Асанәлі Әшімов немересін өз қолымен ұзатты
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты