Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актер Дидар Кәден ғашығымен кездесе алмай жүргенін айтты

Актер Дидар Кәден ғашығына өлең арнап, бір көруге асығып жүргенін білдірді. Екі жыл бұрын отбасын құрып, шаңырағы шайқалған актердің бұл жолы таңдауы кімге түскені көпшіліктің қызығушылығын оятты, деп хабарлайды Stan.kz.

Актер Дидар Кәден Instagram желісіндегі парақшасында белгісіз аруға өлең арнады. Жазбадан байқалғандай, ол ғашығымен кездесе алмай жүрген сыңайлы.

«Парақшаңа 100 рет кірем кемінде,
Кіретінің белгілі ғой сенің де.
Эфирімнен көрдім сені талай рет,
Енді көргім келеді сені өңімде», – деп жазды актер.

Аталған жазбадан кейін желі қолданушыларының ойы сан саққа жүгіріп, өлеңнің кімге арналғанын іздеумен болды. Кейбірі өлең Дидардың бұрынғы әйелі Айымға арналған деп топшылады. Ал бірқатар желі қолданушылары «актердің жүрегін жауап алған арудың бақытты» екенін айтып жатты.

Айта кетсек, Дидар Кәден мен Айым Алтынбекова  2015 жылы шаңырақ көтерген. Бүгінде ажырасып кеткен жұптың Дияр есімді ұлдары бар.

Оқи отырыңыз:

Жанар Айжанованың қызы өз қолымен бетін бояп, анасын шошытып алды (видео)

Белгілі журналист Ұлттық арна басқарушысы Ерлан Қаринге ренішін жеткізді

Айнұр Тұрсынбаева: Өзiм де босанбағалы бiраз болып қалды

Сатира сардары Көпен Әмірбек “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” телехикаясын сынап тастады

Баян Мақсатқызы: Бірнеше адам бірігіп алып, өзгенің еңбегін еш қылды

Талқылау