Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актер: Бекең депутаттық мандаты біткен соң қазағымен қайта қауышады

Желіде жер дауына қатысты депутат Бекболат Тілеухан мен жас жазушы Бейбіт Сарыбайдың айтқан пікірі қызу талқыланды. Оны жақтағандар да, даттағандар да табылды. Осы орайда театр актеры Бақыт Тушаев өз ойын білдірген еді.

бекболаттт

Ол бұл турал Facebook парақшасында жариялады.

Журналист, жазушы Бейбіт Сарыбай Бекболат Тілеуханға қатысты ойын жазып, аз ғана қалған кадірінді сақтап қалшы деген пікірін білдірген. Кейіннен депутатты қорғағандардан оған араша болмай-ақ қоюды өтінген.

“Ақиқатқа тура қарайық ағайын. Бейбітті соншама сөгетіндей орынсыз нәрсе айтқан жоқ. Косорев, Перуашев тар жерді жалға беруге болмайды деп айтқан сөзді Бекең айта алмады. Халық Бекболатынан күтті. Салмағы бар саясаткер, бір айтса Бекең айтады тіліп тұрып деп ойлады. Ал, ол кісі пікір айтпақ түгілі микрофон ан қашқақтап журналистерден айналып өтіп, кабинетіне қамалып отырып алған жоқ па? Үкімет алдындағы беделін ойлаймын деп халық алдында беделін түсіріп алғаны анық ақиқат шындық. Оны сырттай мойындамасаңыздарда іштеріңіз сезіп отыр”, – деп жазады Бақыт Тушаев.

Автор Бекболат Тілеухановты жақтайтындарды сынға алып, оның Бейбіт Сарыбайдың сөзін қолдайтынын жеткізді.

“Сосын неге Бекеңді сонша пайғамбар көріп кеттік, ал жанындағылар сахабалар ма? Біресе Абайға апарып тіреп қоямыз. Ол кісі де пенде ғой. Ақыл жастан, асыл тастан деген. Дана халқымыз он үштегі баланың төрелігін, айтқан сынын ақсақалдары да мақұлдаған. (Оған дəлелел өте көп). Бейбіт те ағасының жағасына жармасатын сіздер ойлағандай өресіз емес. Елдің өкпе назын орынды жеткізді. Енді төрт жыл шыдаңыздаршы Бекең қалың елі қазағымен əлі ақ қауышады, ел сүйінер сөздерін айтып жұрт көңілінен шығар талай іске мұрындық болады. Бекең өз арнасын табады əлі. Қазіргі саясат ағамызды өз керуеніне қосып алып арнасын бұрып жіберді. Адасқанның айыбы жоқ қайта үйірін тапқан соң дейді. Бұның бəрі уақытша тірлік қой. Мандаттыңда срогы біткенсоң Бекеңді алты алашы қайта құшағына алады”, – дейді ол.

“Халық қағылез байқампаз емес пе, мұңын айта білсең дұрыс бассаң алақанында аялайды, ал бұрыс бассаң сол алақанымен тартып жібереді. Сосын Бекеңе адвокат болуды қою керек. Ол кісіні мақтағандар ақылды (жұмаққа кіреді), даттағандар ақымақ (тозаққа кіреді) деген сыңар жақ пікірлерің Бекең мен халқының арасын одан əрі ушықтырып жатқанын неге түсінбейсіздер. Тілеуханның тұяғына нағыз жанашыр адам бұлай істемейді. (Əсіредіншіл тым таяз ойлайтындардың құлағына алтын сырға). Ал, Бекболат ағасы Бейбіт інісінің сөздерін қате десе онда жауап берсін, сөзімен емес ісімен табандылығымен, азаматтық ұстанымымен, өзі жайлы айтылған негативті пікірлерді теріске шығарсын. Оған Бекеңнің ақыл ойы парасаты иманы өресі де жетеді. Тек сабыр етейік. Қазақ Бекболатынан, Бекболаты қазағынан алыс кетпейді. Бірақ оған дейін төрт жыл бар əлі”, – деп жазады Бақыт Тушаев.

Талқылау