Актер Аманғали Сыпабеков бойдақтық өмірмен қош айтыспақ
Танымал әзілқой, «Әзіл әлемі» театрының актері Аманғали Сыпабеков үйленетінін айтты.
Сыпабеков тойда өткізілетін салт-жоралғылармен жақынырақ танысу үшін Серік Ибрагимовтің тойына арнайы ат басын бұрғанын тілге тиек етті. Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.
«Үйленейін деп жатыр едім. Тойдың қалай өтетінін көріп алайын дедім. Үйленбесе болмайды екен. Құдай қаласа 22 қарашада үйленемін», – деді актердің өзі. Әзілқойдың болашақ жары Тараздың ару – Марал.
Жіберіп алмаңыз:
Әкесі Төреғалиға Ерке Есмахан үшін ренішті екенін айтты
Қайрат Нұртас қазақстандық “Голос” жобасына үміткер ретінде қатысты (видео)
Талқылау