Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың өлімі туралы айтып берді

Зорлықтың құрбаны болып қайтыс болған ақтаулық Виканың өліміне байланысты “University Medical Center” ұжымдық қорының PR-менеджері Данияр Меңілбеков түсініктеме берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20161122125501

“Қазақстанда балаларды аппараттан ажыратуға рұқсат жоқ. Виканың организмі үш ай бойы аппаратқа қосылып тұрды. Өкінішке қарай, кеше 17.20 шамасында медицина тілімен айтқанда толықтай декомпенсация орын алды. Оның организмі арнайы аппаратқа қосылып тұрғанына қарамастан баланың биологиялық өлімі тіркелді. Бұған дейін клиникалық зерттеулер қорытындысы бойынша оның миы бір ай бұрын өз жұмысын тоқтатқан еді”, – деді Данияр Меңілбеков.

Естеріңізге салсақ, елді дүрліктірген жантүршігерлік оқиға 20 тамыз күні болған. 6 жастағы қыз жоғалып кетіп, бірнеше сағаттан соң қансыраған сәби Ақтау шетіндегі саяжайдан табылған болатын. Сөйтсе, педофил бүлдіршінге ойына келгенін істепті. Көп ұзамай азғын да тұсталып, қамауға алынды. Ол 32 жастағы Ақтау тұрғыны.

Оқи отырыңыз:

Кей адам туған кезде құлағының үстінде тесік болады – мұның себебі мынада

Австралиялық әйел 10 күн ішінде екі мәрте екіқабат болған

Адам денесін сергітетін 9 құбылыс (фото)

Қазақстанда түйе зәрімен қалай емделеді (видео)

Талқылау