Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулық оқушы ешкі сүтін сатып кәсібін бастаған

Ақтауда оқушылар мен студенттердің үздік бизнес жобалары анықталды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі. «Caspian Start-up 2018» байқауының ақтық кезеңінде 20 жоба таныстырылып, жеңімпаздарға демеушілер мен кәсіпкерлер тағайындаған жалпы көлемі 1 миллион 540 мың теңге қаржылай сыйлық табысталды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Оқушылар мен колледж студенттеріне арналып өткізіліп отырған тұңғыш  стартаптар байқауын Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Маңғыстау облыстық білім басқармасы ұйымдастырды.

Байқаудың басты мақсаты – оқушылар мен студенттер арасында жаңа жобаларды таныстыру алаңын құру, инновациялық бірлестіктің әлеуетін көрсетіп, оны қолдау. Стартаптар байқауының финалына Маңғыстау, Атырау облыстарынан және Астана қаласынан оқушылар мен студенттер қатысты. Ақтық сынға өткен жобалардың бірі – ешкі шаруашылығы. Колледж студенті Динара Айдарбекова ешкі сүтінің адам ағзасына пайдасын терең түсініп, бизнеске айналдыруды көздейді. Қазірдің өзінде сүт сатып отыр, ал кейін сәбилерге арнап, ана сүтін алмастыратын ұнтақ өндіруді жоспарлайды.

«Бұл жобаны іске асыру үшін 6 млн теңге қаражат керек. Бұл тек фирманы ашуға қажетті сома. Бастапқыда 7 адамды сосын 15 адамды жұмыспен қамтимын»,-дейді ол.

Сондай-ақ, жарыста «Такси няня» жобасы да қазылар алқасының көңілінен шықты. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы жұмыстан қолы тимейтін ата-аналарға тиімді қызмет ұсынып отыр. Ол баланы балабақшаға, мектепке, үйірмеге апарып-әкелуді ыңғайлы және қауіпсіз жүзеге асырамын,- дейді. Қызметті онлайн бақылауға болады. Осы мақсатта 1,5 млн теңге қаражат сұрайды.

«Алдымен 5 көлікпен тасимыз деп отырмыз. Әр көлікке камера орнатылады. Сол Бәрін бақылауда ұстаймыз. Балалардың жасы 6 айдан бастап, көлктерде балаға арналған кресло болады»,- дейді жоба авторы Азиза Жұбаева. Жарыс нәтижесінде Маңғыстаудағы Түйесу жерінен сафари жасауды ұсынған Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Дана Ақуал бас жүлдеге лайық деп танылып, 300 мың теңге қаржылай сыйлыққа ие болды.  Ал, екінші орын ерікті қан тапсырушылар базасын жасақтауды ұсынған Астанадағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Қуаныш Аманғалиға бұйырды. Оған 250 мың теңге берілді. Ал, үшінші орынды асық ойнынан әйгілі монополия ойынын жасауды ұсынған Бейнеу лицейінің оқушылары жеңіп алды. Оларға 200 мың теңге табысталды. Сонымен қатар, «Атамекен» «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Маңғыстау облыстық филиалының көмегімен және облыстағы кәсіпкерлердің шешімімен «Caspian Start-Up 2018» стартаптар байқауының финалындағы 4 жоба қаржыландырылатын болып шешілді.

Тағы оқыңыз: 

Ақтөбеде 4 адамды өрттен құтқарған әскери қызметшіге «Ұлттық Ұлан қызметінің үздігі» медалін табыс етті

Шымкентте әйелдерді сабауға арналған “жын шығаратын” қамшылар сатылып жатыр (видео)

Қуандық Бишімбаев абақтыда араб тілін үйреніп жатыр

Талқылау