AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулық тұрғындар асфальт жолдар тек шенеуніктер тұратын көшелерге ғана салынатынын айтып шағымданды

Ақтау қаласының тұрғындары шағын аудандарда асфальт жолдың тек шенеуніктер тұратын көшелерге төселіп жатқанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

актау жол

Әділетсіздіктен шаршаған халықтың айтуынша, тұрғындар ойлы-қырлы жолдармен жүруге мәжбүр. Ашуға мінген олар жергілікті әкімдікке жүгінген, бірақ күткен жауаптарын ала алмаған.

"Әкім тұратын үйдің төрт жағынан жол төселген, ал біздің үйге құрылыстары жеткен де жоқ. Бұл жердің қыста қандай болатынын білесіздер ме? Көктемде – лай, балшық қар түскен жерден өту мүмкін емес. Балаларымыз мектепке бара алмайды”, – дейді шағын аудан тұрғыны Ақбөпе Мырзабекова.

Екінші тұрғын Татьяна Сатывалдиева басқа жерлерге төселген асфальт неге барлығына бірдей төселмейді деп таңданады. 

Тұрғындардың наразылығы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін ғана шенеуніктер наразы халықпен жолығуға келген. Олар асфальт жолдың барлық жолға бірдей төселетінін айтып уәде етті. Жоба әзірленіп және мақұлданған, қазіргі таңда жұмыс басталып жатыр. Екі ықшамауданға 784 млн теңге бөлінген.

"Биылғы жылға біз тағы қосымша қаржы сұрадық. Егер бөлінетін болса, жұмысты жалғастыратын боламыз. Ал егер келесі жылы бөлінуге шешім шықса, онда келер жылы екі тұрғын ауданды толығымен аяқтаймыз", –  деді Жолаушылар және көлік жолдар бөлімінің басшысы Ербол Сариев.

Шенеуніктер жұмысты аяқтайтын дәл уақытты айтқан жоқ, оның орнына тегіс жолдар әр көшеге салынады деп сендірді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр