Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Антикорды Жоғарғы сот арқылы жеңіп шықты
Фото: instagram.com/Азамат Сарсенбаев
Кассациялық сот мамыр айында “Жала жабу” бойынша 20 тәулікке қамауға алынған ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаевты ақтап жіберді.
Қазақстанның кассациялық соты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабының 2-бөлігі "Жала жабу" бойынша 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынған ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаевқа қатысты бірінші инстанцияның қаулысының күшін жойды.
Жоғарғв сот бірінші сатыдағы сот шешімін заңсыз деп танып, іске нүктесін қойды.
"Бес айдан кейін мен және менің адвокаттарымның командасы әділеттілікке қол жеткіздік! Әділ және орынды үкім шығарғаны үшін Жоғарғы Сот судьяларына ерекше алғыс айтамыз. Президент жариялаған сот реформаларының күшіне енуін күткен жөн еді", – деп жазды Азамат Сәрсенбаев.
Блогердің адвокаты Сері Әбіл бұл бап бойынша іс жүргізу заңсыз екенін, себебі жәбірленуші тарап мемлекеттік мекеме екенін, ал заң бойынша жала жабу нысаны тек жеке тұлға болуы мүмкін екенін атап өтті.
Енді кассациялық соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін Азамат Сәрсенбаев заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны үшін моральдық өтемақы талап етуге ниетті екенін мәлімдеді.
Еске салсақ, бұған дейін блогер Азамат Сәрсенбаев 20 тәулікке қамауға алынғаны туралы жазған едік. Ол бұған дейін Ақтау маңындағы ұшақ апаты болған орынды түсіргені үшін ұсталған еді.

"Тиіндерді өлтіресіздер": Алматылықтар әкімдіктің егеуқұйрықтарды улау шарасына наразы
