Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулық әйел бюджеттен 228 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды

Маңғыстау облысының тұрғыны мемлекеттік бюджеттен 228 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Комфорт Строй Ақтау" ЖШС мен "Ақтау тұрғын үй" ЖШС 2018-2020 жылдар аралығына келісімшартқа отырған. Ол бойынша, компания Ақтаудағы 23 үйге тұрғын-үй-эксплуатациялық қызмет көрсетуі, есеп жүргізуі қажет еді.

Ай сайын кері қайтарылатын қаржы мен тұрғындардан келетін тұрғын үй көмегін қадағалау да осы мекемеге жүктелген. 

"Комфорт Строй Ақтау" ЖШС директоры Коренева 228 миллион теңге көлемінде ақшаны қалтаға басқан. Ол соттың үкімімен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
 

Назгүл Әбушәріпқызы
Жұма, 08 Қазан, 2021 13:05
Талқылау