Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауға емес Шымкентке барғысы келген жолаушы жолсерік қызды қылқындырмақ болған

FlyArystan әуе кемесінің экипажында жайсыз оқиға болды. Маңғыстау облысының тұрғыны бортта шу шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әуе компаниясының хабарлауынша, 24 қыркүйекте ұшақ Алматыдан Ақтауға ұшты. Ұшу кезінде жолаушылардың бірі экипаж мүшелерін қорқытып-үркітеді. Бортсеріктер жолаушыны сабырға шақырмақ болды. Жолаушы маскы киіп, орнына отырудан бас тартты.

«Алматы-Ақтау бағытындағы билет алағанын қарамастан ол Шымкентке бару керек деп талап ете бастады. Жолаушы ұшақтың есігін ашпақ болды. Жолсерікті қылқындырмақ болды. Мұны көрген ер адамдар көмекке келді. Өзге жолаушылар бұзақыны жол бойы бақылап отырды. Ақтауға келгеннен кейін зорлық-зомбылық көрсеткен жолаушыны полицияға тапсырды», - деп хабарлады компания.

FlyArystan көмекке ұмтылған әуесқой спортшылар Нұрлан Боханов пен Манас Тұрабековті марапаттады. 

Көлік полициясы департаментінің хабарлауынша, оқиға туралы Ақтау әуежайындағы желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне хабарланған.

«Маңғыстау облысының 25 жастағы тұрғыны мас күйінде әуе кемесінің салонында болған, командирдің және басқа экипаж мүшелерінің бұйрықтарын орындамаған. Көлік полицейлері ер адамды әкімшілік үш бап бойынша жауапкершілікке тартты. Жолаушыны әуе кемесіндегі жүріс-тұрыс ережелерін бұзғаны үшін, алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе мас күйінде қоғамдық орындарға шыққаны үшін және ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартты», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ұсақ бұзақылық фактісі бойынша материал сотқа жіберілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр