Ақтаудың қақ ортасында бойжеткен ер азаматты не үшін ұрып жыққанын айтты
Ақтау қаласындағы 16, 17, 18 және 19 шағын аудандар арасындағы қиылыста жас қыз жігіттермен төбелесіп қалған. Оқиға орнында түсірілген видео желіде желдей ескен еді. Видео "қаһармандары" төбелес себептерін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Лада Ақтау" басылымына сілтеп.
Қыздың айтуынша, тапа-тал түсте көшедегі жігіттер тиісе бастапты. Қыздар әуелі ескерту жасаған екен. Бірақ жігіттер қызға ортаңғы саусағын көрсеткен. Мұндай әдепсіз әрекетке қыздар шыдап тұра алмаған.
"Біз дүкенге кіргенде, олар бізге тиісіп тұрды. Өз араларында олар бізге ұнағанын айтып жатты. Олардың бірі бізді итеріп жіберді. Біз бұл дөрекілікті елеусіз қалдырмай, біз де итеріп жібердік. Осыдан кейін сөзден сөз шығып көшеде төбелес басталды", - деді ақтаулық қыз.
Еске салсақ, Ақтаудың қақ ортасында бойжеткен ер азаматты ұрып жыққан видеосы желіде тарап еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”