Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаудың бас санитар дәрігері өзін кіргізбей қойған Rixos қонақ үйін ақыры тексерді

Бес жұлдызды Rixos Aktau қонақ үйінің карантин стандарттарына сәйкестігі тексерілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Ақтау қаласының бас санитар дәрігері Әсима Жарылғасованы Rixos қонақ үйіне тексеруге үш рет кіргізбей қойған еді. 

Rixos Ақтау курорттық аймағының жоспарлы тексерісін құрамында санитарлық қызмет мамандары, әкімдік, полиция қызметкерлері және БАҚ өкілдері бар мобильді мониторингтік топ жүргізді.

Қонақ үйдегі мейрамханалар мен кафелер, бассейндер, іргелес аумақтар тексерілді. Қонақ үй қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

"Мобильді топ Rixos қонақ үйіне карантин мен дезинфекциялық режимнің сақталуына рейдтік тексеру жүргізді. Басшылыққа талаптарды сақтау, сондай - ақ бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі субъектінің құқықтары мен міндеттері мәселелері бойынша түсініктемелер берілді", - деп мәлімдеді бас санитар дәрігер Әсима Жарылғасова.

Бұл ретте курорт өкілдері санитарлық нормаларды сақтап келген.

"Бізде тексеру қонақтар әуежайға келген сәттен басталады. "Ресепшн деск" жұмыс істейді. Мамандар келген қонақтардың дене қызуын сенсор термометрмен тексереді. Содан кейін қонақүй көлігіне отырғызып, жеткізеді. Біз бірден маска, санитайзер таратамыз. Әрине, қашықтық сақталады. Қонақ үйге кіре берісте қонақтардың дене қызуы қайта өлшенеді. Әрі қарай, багаж дезинфекцияланып, содан кейін ғана бөлмеге жіберіледі. Бөлмелерге үнемі дезинфекция жасалады. Мейрамхана мен барда барлық норма қатаң сақталады. Біздің қонақ үйде арнайы санитарлық дәрігер бар. Қонақта сырқаттың белгісі пайда болған кезде біз жедел жәрдем шақырамыз. Біз барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтаймыз және қонақтарымыздың қауіпсіздігін қадағалаймыз", - деді қонақүй менеджері Серік Исағалиев.

STAN.KZ
Жұма, 21 Тамыз, 2020 07:40
Талқылау