Ақтаудағы жылу-электр орталығында алапат өрт болды
Ақтауда 31 мамыр күні "МАЭК-ҚазАтомПром" ЖШС жылу-электр орталығының аумағында өрт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өрт туралы ақпарат 21:42-де келіп түскен. Өрттің жалпы аумағы 600 шаршы метрге тең. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.
"Өрт аймақты су және электр қуатымен қамтамасыз етуге кедергі келтірмейді. Кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.
Отты сөндіру үшін Төтенше жағдайлар департаментінің 15 қызметкер мен 6 бірлік техника, кәсіпорынның 4 қызметкері мен 1 техника және 4 полицей жұмылдырылған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”