Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда жанармай бекетінің жанында ер адамның мәйіті табылды

Ақтауда жанармай бекетінің жанынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақтау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 қазан күні сағат 09:29-да Ақтау полиция басқармасының "102" пультіне 8-шағынауданда орналасқан "Qazaq Oil" жанармай бекетінің артынан белгісіз ер адамның мәйіті табылғандығы жөнінде қоңырау түскен.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 05 Қазан, 2021 21:41
Талқылау