Жағдайлары ауыр: Ақтаудағы ұшақ апатынан 26 адам тірі қалды (видео)
Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты жаңа деректер пайда болды. Қазір оқиға болған орыннан 12 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың ішінде бір сәби бар. Соңғы дерек бойынша 26 адам аман қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Желі кадрларынан
Төтенше жағдайлар министрі өрттің толықтай сөндірілгенін жеткізді. Әзірбайжандық БАҚ-тың дерегінше, ұшақ тұманға байланысты Грозныйға қонуға рұқсат ала алмаған. Кейін бағытын Махачкалаға бұрған. Одан соң Ақтауға келген.
Көлік министрлігінің Әзірбайжан тарапынан алған алдын ала ақпараты бойынша, бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Соның ішінде бес елдің: Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары болған.
Оқиға болған орыннан 14 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың ішінде бір сәби бар.
Ұшақта болған жолаушылардың тізімі де белгілі болды.

Қазір апат болған орында дәрігерлер мен психологтар жұмыс істеп жатыр.
Еске салсақ, Ақтау маңында ұшақтың құлағаны туралы хабарлаған едік.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қымбат дәрі-дәрмек пен ерекше күтімде емес
"Азық-түлік екі есе арзан, вирус жоқ": Қазақстандық жігіт отбасын алып табысы төмен Африка аралына көшіп кеткен
Сұлтан: “Арал президенті көршім, ол қарапайым, күзетшісіз жүреді”