Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаудағы самса сататын дүңгіршекте тышқандар өріп жүр

Маңғыстау облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті тышқан аралаған дүңгершектерді тексере алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап. 

Тиісті органдарға әлі ешкім арыз түмірмеген. 

Әлеуметтік желіде таралған видео көптің үрейін ұшырды. Ақтаудағы базар маңында самса сататын дүңгіршекте тышқандар жосып жүр. Кеміргіштердің ашыққаны соншалық, видеоға түсіріп тұрған адамнан да қорықпайды. СЭС мамандары кәсіпкерлерді тексеруге жарияланған мораторийге байланысты дүңгіршек иесіне ештеңе істей алмаймыз деп шарасыздық танытуда. 

Тек біреу уланып, фото, видео дәлелімен бірге ұшынған тағамның түбіртегін алып келсе ғана тексере алатынын айтады. Ал тазалықты ұмытып тышқандарға жем болған кәсіпкер дүңгершегін жауып басқа жерге көшіп кетіпті. 

"Тексеру жүргізе алмаймыз. Егер аталған видеоролик пен  заңды немесе жеке тұлға арыз шағым түсіретін болса, сол жерден өнімді сатып алғаны жөніндегі түбіртегі болса, содан кейін ҚР прокуратурасының құқықтық статистика есепке алу комитетіне арыз жолдаймыз", - дейді Маңғыстау облысы анитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің бас маманы Мәдина Рахметова.

Талқылау