Қазақстандық танымал топтың концерті өткен: Ақтаудағы Rixos қонақ үйіне айыппұл салынды
Rixos Water World Aktau қонақ үйінің иесіне карантин талаптарын сақтамағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Lada басылымының мәліметінше, концерт ұйымдастырғаны үшін қонақ үй иесі 2 млн 333 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдерінен құралған мобильді топ кешен иесіне карантин талаптарын бұзғаны үшін хаттама жасап, түсініктеме алды. Қаладан 20 шақырым жерде орналасқан курорттық аймақта адамдар көп шоғырланған концерт ұйымдастырылды, - делінген хабарламада.
Сәуір айының басында коронавирусқа және тыйымдарға қарамастан қонақ үйде қазақстандық "Ирина Кайратовна" тобының концерті өтті. Топтың өнер көрсеткені бейнеленген видео әлеуметтік желілерде таралды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”