Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

TikTok түсіру үшін шатырға шығып, секірген: Ақтаулық ата-ана баласының әрекеті үшін жазаланды

Ақтауда көпқабатты үйдің шатырының шетінде қауіпті трюк жасаған бесінші сынып оқушысының ата-анасы жазаланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде баланың Ақтаудағы көп қабатты үйдің шатырының шетінде акробатикалық трюк жасағаны түсірілген видео таралды. Оны қасында тұрған достары түсірген. Аталған ролик желі қолданушыларын шошытты.

Полицейлер барлық баланың жеке басын анықтады. Енді жас экстремалдың ата-анасы тәрбие міндеттерін орындамағаны үшін жазаланады. Оларға 30 мың теңге айыппұл салынады.

"Ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберіледі. Ата-аналармен профилактикалық әңгіме өткізілді", - деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз хатшысы Айгерім Ибатуллаев.

STAN.KZ
Бейсенбі, 05 Қараша, 2020 07:39
Талқылау