Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаудағы екі баланың өлімі: Әкім түсіндірді

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Ақтаудағы қандала дәрісінен уланып, көз жұмған екі баланың қазасына қатысты өз ойын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ОКҚ

ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында өңір басшысына Stan.kz тілшісі қандаланың дәрісіне уланып, көз жұмған екі баланыңы әкесі Жанболат Келмеденов дезинсекцияға арналған препараттың құрамы анықталмай жатқаны туралы мәлімдемесін жеткізді. Ноғаевтан осы мәселе қаншалықты бақылауға алынғаны туралы сұрады. 

Облыс әкімі бұл жағдайға қайғыратынын жеткізді. Алайда істі өз бақылауына алмайтынын және оған араласуға мүдделі емес екендігін жеткізді.  

“Бұл адам қазасына алып келген өкінішті жағдай расындада. Біз қайғырып көңіл айтамыз қаза болған азаматтардың отбасына. Расында да бұл іс бойынша қылмыстық іс ашылды. Оның аясында қандай да бір түсініктеме беру орынсыз деп есептеймін. Тергеу мекемелері осы істі қарап жатыр, нәтижесі бойынша хабардар етеді өздері. Қылмыстық істің аясында оған араласуға менің құқығым жоқ”,-деді облыс әкімі Ноғаев. 

 Айта кетейік, 22 қазанда Ақтауда екі бала қандаланы өлтіретін дәріге уланып, көз жұмғаны белгілі болды. Көршісі зиянкестерден құтылу үшін пәтерін улап кетіп қалған. Болған жағдайдан кейін әйелдің бостандықта жүргені белгілі болды. Кейін тағы үш бала мен екі ересек те уланып, ауруханаға түскен.

Таяуда қандаланың дәрісіне уланып, қайтыс болған екі баланың әкесі Жанболат Келмеденов дезинсекцияға арналған препараттың құрамы анықталмай жатқанын айтты. Ер адам екі бірдей баласының өліміне себепші болған көршісін кешірмейтінін мәлімдеді.

Талқылау