Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаудағы аурухананың науқастары түсірілген видео жұртты шошытты

Желіде таралған ақтаулық ауруханада жатқан науқастар түсірілген видео жұртты шошытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

больница

Бұл видео Маңғыстау облысының қоғамдық байланыс орталығының парақшасында жарияланған. 

"Аймақтағы провизорлық орталықтарға түсіп жатқан науқастар саны күн санап артуда. Мына видео кеше түнде Ақтаудағы провизорлық орталықта науқастарды қабылдау барысында түсірілген. Бір күннің ішінде дәрігерлер күтпеген көп адам түсті. Бейнежазбадан көріп тұрғандарыңыздай, қабылдау бөлімінде науқастарға орын жетпей жатыр. Дәрігерлер қабылданған науқастар жаңадан жасақталған провизорлық орталыққа жатқызылуда. Мұнда ИВЛ аппараттары, науқастарға қажетті барлық медициналық құралдар бар. Жаңа жансақтау бөлімін екінші бейнежазбадан көрулеріңізге болады. Денсаулық сақтау басқармасы мен дәрігерлер барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр", - делінген видеоның астында.

Бұған қоса орталық өкілдері халықты сақтық шараларын ескеруге шақырып, үйден шықпауға кеңес берді. 

Айта кетейік, қоғамдық байланыс орталығы кейіннен бұл видеоны өшіріп тастады. Десек те бейнежазба лезде желіде таралып кетті.  

Талқылау