Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда жүргізуші кішкентай баланы рөлге отырғызған - Полиция түсініктеме берді

Полиция қызметкерлері Ақтау рөлге баланы отырғызып, видеоға түсіп қалған жүргізушісінің жеке басын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

машина

Куәгер Ақтаудағы Mitsubishi Lancer автокөлігін видеоға түсіріп алған. Жүргізуші кішкентай баланы тізесіне отырғызып көлік жүргізген. Видео желіде тез таралып кетті.

"Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде YouTube арнасының парақшасында 22 қыркүйекте видео жарияланды. Ақтау полиция басқармасының патрульдік қызметі батальонының қызметкерлері аталған факті бойынша Mitsubishi Lancer автокөлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев.

Жергілікті басылымның мәліметінше, кінәлі адам 13 890 теңге көлемінде айыппұл төлейді.

 

Талқылау