Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда каратэ жаттықтырушысы жасөспірім қызды зорлады деп айыпталды

Ақтауда зорлық жасады деген айып тағылған жаттықтырушыға сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме беріп. 

 Үш баланың анасын зорламақ болды: Полиция оқиғаға түсінік берді

Сотталушы каратэ-до бойынша жасөспірімдердің жаттықтырушысы болған. Жәбірленушінің кәмелетке толмаған екенін біле отыра, оның сеніміне кіріп, жаттықтырушы ретінде эмоционалды қысым жасап, бірнеше рет кәмелетке толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскен.

Сот процесі барысында прокурор айыпталушыны 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші тарап прокурормен келісті. Қорғаушы тарап сотталушыны оның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрады. Айыпталушы өз кінәсін мойындамады.

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар сотта белгіленбеген. Істің нақты мән-жайларын ескере отырып, сот үкім шығарды. Жаттықтырушы ҚР ҚК-тің 120-бабы 3-1-бөлігі 1, 2-тармақтары бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды, оған 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ол өмір бойы педагогикалық, жаттықтырушылар лауазымын атқару құқығынан айырылды, бұл осы баптың санкциясында көзделген жазадан орташа мөлшерді құрайды. Сот айыпталушының бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған және сотталмағанын ескерді, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, 8 мамырда Ақтауда кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікті ұсталған болатын.

STAN.KZ
Сейсенбі, 15 Желтоқсан, 2020 14:00
Талқылау