Ақтауда Жаңа жыл түні жас жігіт асылып қалды
Ақтауда жас жігіт 31 желтоқсан күні асылып қалды. Жігіттің денесі пәтерден табылды.
Қаладағы 3-ықшамауданда жас жігіттің денесі пәтерінен табылды. Марқұмның өлі денесін туыстары тауып алған, деп жазады ИнАктау.
“Қылмыстық құқықбұзушылық картасы” мәліметінше, тағы бір адам өлімі 24 желтоқсанда тіркелген. Ол оқиға 26-ықшамауданында болды. Одан өзге тағы екі іс тікелген, бірақ “Картада” тіркелмеген.
24 мен 31 желтоқсан аралығында қалада 2 тонау ісі, 21 ұрлық ісі, 1 шабуыл, 2 бұзақылық, 7 алақтық, 7 есірткілік затқа қатысты іс тіркелді. Бұл мерзімде жалпы 44 қылмыс жасалған.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау