Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда жалғызбасты ананың өртенген үйін студенттер жөндеп берді

Бейнеу политехникалық колледжінің ұжымы мен студенттері бір отбасының өртеніп кеткен пәтерін жөндеп берді. 13 студент бір бөлмелі пәтердің құрылысын үш аптада  бітірді. Ауыл азаматтарының бірі – терезесін, бірі – есігін алып беріп көмектесті.

Бұл туралы  ИнАктау  жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Өрт осыдан бір жарым ай бұрын болған. Оқыс оқиғаға тап болған үйде колледждің бірінші курс студенті Айгерім Түгелбаеваның отбасы тұрады.

Тілсіз жау бүкіл пәтерді шарпып өтіп, тұруға жарамсыз болып қалған.

«Студентіміздің анасы жалғызбасты. Айгерімнен басқа бірінші сыныпта оқитын інісі бар. Анасы вахталық әдіспен жұмыс істейді. Өрт шыққан күні анасы үйде болмаған. Өрт сөндірушілерінің айтуынша, жалын тоқтың тұйықталуынан шыққан. Негізі осы игі істі бастаған колледж студенттері мен кураторы Қинаятова Ғалия. Олар ақша жинап, пәтерді өздері жөндеген. Мектеп ұжымы көмек ретінде 100 мың теңге жинап бердік. Мұнан бөлек киім-кешек, тұрмысқа қажетті заттар берілді», – дейді Бейнеу политехникалық колледжі директорының орынбасары Ақжарқын Өзбекова.

Тағы оқыңыз:

Биыл 13-14 наурыз күндері республика бойынша алғаш рет Амал мерекесі тойланады

Талқылау