Ақтауда жүргізуші куәлігі жоқ мас адам балалы әйелді қағып кетті
Ақтауда жүргізуші куәлігі жоқ мас ер адам әйелді төрт жасар баласымен бірге қағып кетті.

Оқиға 32А ықшамауданында болған.
“Lexus маркалы көлікті тізгіндеген 1992 жылы туған ер адам 22:50-де балалы әйелді қағып кетті. Оқиға 32 А ықшамауданындағы 18 үйдің жанында болған. Зардап шеккендер облыстық ауруханаға жеткізіліп, көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Жүргізушінің әрекетіне қатыстты әкімшілік хаттама толтырылды”, – делінген ІІД хабарламасында.
Оқиға кезінде жүргізуші мас күйде болған. Оның көлігі айып тұрағына қойылды. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, сот алды тексеру басталып кетті.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандықтар Түркияда аса ауыр жол апатына түсті (фото)
Астанада Назарбаев университеті аумағында жаппай төбелес болды (видео)
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"