Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда ұшақ бортында денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға жатқызылған 6 айлық бала шетінеп кетті

Ақтауда ұшақ бортында денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға жатқызылған алты айлық бала шетінеп кетті. Оған қарқынды терапия жүргізілгенімен, аман алып қалу мүмкін болмапты.

Бала ауруханаға түскен бойда жансақтау бөліміне жатқызылған екен. Дәрігерлер оған алдын ала ауыр түрдегі пневмония диагнозын қойған.

Кішкентай пациенттің ағзасынан КОВИД белгілері табылмапты. Айта кетейік, оқыс жайт 30 қарашада болған еді. Бала ата-анасымен бірге Түркияға бара жатқан. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 

"Ауруханаға жеткізілген кезде баланың жағдайы ауыр болатын. Сәбидің өмірін аман алып қалу барлық тиісті ем-дом шаралары ұйымдастырылған. Өкініштісі сәби үш күннен соң есін жимастан көз жұмды", - деді Маңғыстау олыстық днсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Нұрбол Оқуов.

STAN.KZ
Сейсенбі, 15 Желтоқсан, 2020 21:25
Талқылау